Қыркүйек екінші жексенбісі Қазақстан Республикасында Отбасы күні аталып өтетіндіктен, біз осы мереке аясында "Таңшолпан" ортаңғы тобы ата-аналарымен бөбекжай психологы Б.Тулегенованың ұйымдастыруымен "Отбасы - өмір аясы" семинар-тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру арқылы ата-аналар ойларын кеңейту және нығайту. "Балапан" ІІ кіші тобы ата-аналарымен тәрбиеші Ғ.Бубитаева "Отбасы айнасы" тақырыбында іскерлік ойындар ұйымдастырды. Ондағы мақсат: бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

"Таңшолпан" ортаңғы тобы ата-аналары
Шаттық шеңберінде

"Тоқаш" жаттығуы

"Балапан" ІІ кіші тобының ата-аналары
"Іскерлік ойында"

"Балапан" ІІ кіші тобының ата-аналары
Мерекелік композиция құру үстінде


Қыркүйек айындағы "Жауқазын" бөбекжайының ата-аналар жиналысы














