«Кішкентай қадамдар- үлкен жетістіктер!»

Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер мен достар!

“Жауқазын” бөбекжай - балабақшасында 2024 жыл ерекше жетістіктер мен қуанышты сәттерге толы болды!

Жетістіктеріміз:

  • Балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында бірнеше тренингтер мен семинарлар өткізілді. Атап айтқанда: «Дене шынықтыруда ұйымдастырылған іс-әрекетте ұлттық ойындарды қолданудың маңызы» тақырыбындағы аудандық тәжірибе алмасу семинары, «Бабалар мұрасы-балдырғанға аманат!», «Тіл- татулық тірегі!»атты бөбекжайішілік семинарлар, «Жақсы мінез - жан айнасы», «Мейірімді күншуақтар» тренингтер ұйымдастырылды.

  • Балаларымыз түрлі шығармашылық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

  • Әрбір бала өзіндік ерекшелігін танытып, топтық жұмыстарға белсене қатысты.

🏅 Марапаттар мен жетістіктер: 2024 жылы «Әке - асқар тауым» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша байқауға қатысушы «Нұржауған» ортаңғы жас тобының тәрбиеленушісі- Кәрім Айсұлтан облыстық кезеңнен І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2024 жылы Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен зерттеушімін» республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Таңшолпан» тобының бүлдіршіндері ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2024 жылы Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығы «Айгөлек» аудандық фестивалінің «Хореография» бағыты бойынша «Жауқазын» бөбекжай-бақшасының бишілер тобы ІІІ орын иеленді.

2024 жылы Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Алақай, жаз келді»» облыстық байқауынан «Сәйгүлік» тобының тәрбиеленушілері ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2024 жылы «WorldSkills Atyrau» қозғалысы аясында өңірлік «BabySkills Atyrau- 2024» облыстық чемпионатына «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ» құзыреттілігі бойынша қатысқан Амангелдіқызы Хадиджа ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Тәрбиешісі Хайдарова Ж.К.

🏆 «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының аудандық кезеңінен І дәрежелі дипломмен Аманғалиева Ж.Қ. марапатталды.

«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің аудандық тамыз кеңесінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие педагогтардың секция жұмысында тәжірибесімен бөліскені үшін әдіскер Каримова А.Қ. және қазақ тілі маманы Нұрмұханбет Ф.Е. «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» аудандық байқауының ІІ дәрежелі дипломымен Дүйсенова С.А. марапатталды.

Облыстық «Жылдың үздік балабақша психологі» байқауында психолог Тулегенова Б.С. «Алғыс хатпен» марапатталды.

2024-2025 оқу жылында педагогтарымыздың қатары 1- сарапшы, 5- модератормен толықты.

Тәрбиешілер мен қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!

Осы жылы олар өз білімдері мен күш-жігерін балалардың дамуына арнап, әрқайсысының жүрегінде із қалдырды. Алдағы уақытта да шығармашылық пен білімнің жаңа биіктерін бағындыратын боламыз!

Ата-аналарға алғысымыз шексіз!

Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз біз үшін ең үлкен мотивация. Балаларымыздың жетістіктері – біздің ортақ жеңісіміз!

Алдағы жылда да біз жаңа жобалар мен бағдарламалармен алға ұмтылып, балаларымызға ең жақсы жағдай жасауға тырысамыз.

Баршаңызға жаңа жылда денсаулық, бақыт пен жетістік тілейміз!

#Жауқазын2024 #ЖылҚорытындысы #Жетістіктер #Марапаттар #Шығармашылық #Балалар #Алғыс #Білім #ЖаңаЖыл


«Жауқазын» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 16 қараша күні

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының  

03.07. 2023ж № 658 хатына сәйкес «Әке- асқар тауым» республикалық онлайн байқауына дайындалған тәрбиеленушілердің материалдарын бағалау болды.

Байқаудыңмақсаты: қазақ халқының дәстүрлі спорттық ойын әрекетіне баулу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық және салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыру.

Міндеттері:

-білуге құмар, көпшіл, дені сау бала тәрбиелеу;

-ересектердің балаларға деген мейірімді қарым- қатынасымен баланың дербестігін ынталандыру;

-отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш- жігерін біріктіру арқылы әрбір баланың әлеуетін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақта қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;

«Әке- асқар тауым» республикалық байқауының балабақша ішілік кезеңінің қорытындысы бойынша байқауға қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Ботақан» ерте жас тобы- Кадырбек Алихан;

тәрбиеші: Бикешова Айкерим  Муратовна.

«Сәйгүлік» кіші жас тобы-Кенжебай Мағжан

тәрбиеші:Танатарова Айгерим Рахметжановна.

«Сәйгүлік» кіші жас тобы-Қонысбай Думан

тәрбиеші: Кадирова Бану Умаралиевна.

«Нұржауған» орта жас тобы -Қанат Азат

тәрбиеші: Бубитаева Галия Унаевна.

«Нұржауған» ортаңғы жас тобы-Кәрім Айсұлтан

тәрбиеші: Даришева Калампыр Жолдыбаевна.

«Балапан» ересек тобы-Ғинаят Мұхаммед-Али

 тәрбиеші: Хайдарова Жанар Кенжебаевна.

«Таншолпан» ересек тобы- Әділұлы Ғимран

тәрбиеші: Аманғалиева Жансұлу Құрылысқызы.

Марапаттарыңыз құтты болсын әріптестер!


"Асық ойыны-үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы" Б.Момышұлы. 17 қараша 2023 жылғы Республикалық барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде "Бес табан", "Бес асық" ойындарын өткізу үрдісі "Жауқазын" бөбекжай- бақшасында да ұйымдастырылып өткізілді. #Атырауалтынсақабесасықa



2023-2024 оқу жылын педагогтеріміз жақсы жетістіктермен бастады.

Меңгеруші Гумарова Марина Қуанышкереевна Ұстаздар күні мерекесіне орай

«Атырау облысы білім және қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» марапатталды және бөбекжай- бақшамыздың дефектолог маманы Ахметова Асыл Ермекқызы «Атырау облысы білім және қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Махамбет аудандық комитеті филиалының» «Алғыс хатымен» марапатталды.

25 қазан Республика күні ұлттық мерекесіне орай бөбекжай тәрбиешісі Аманғалиева Жансұлу Құрылысқызы Қазақстан Республикасы Атырау облыстық әкімдігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2023 жылдың 10 қарашада өткен республикалық

«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіндегі шығармашылығы үшін бөбекжай-бақша тәрбиешісі Бубитаева Галия Унаевна қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді. Дефектолог Ахметова Асыл Ермекқызы және тәрбиеші Танатарова Айгерим Рахметжановна қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Айгөлек” шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңінен “Саз аспабында” ойнау жанры бойынша II-орын , “Театрлық - сахналық қойылым” жанры бойынша II- орын, “Вокал” жанры бойынша Гинаят Нұржайна III- орын, “Хореография” жанры бойын III- орын және “Көркем сөз” жанры бойынша Марат Хамза “Алғыс хатпен” марапатталды. Бүлдіршіндеріміздің өнерлері өрлей берсін!

 

Махамбет ауданы білім бөлімі Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының 2023 жылғы 24 наурыздағы 328 хатына сәйкес " Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі " республикалық байқаудың аудандық кезеңіне "Жауқазын" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Бубитаева Галия Унаевна қатысып, ІІІ орын Дипломмен марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық мол табыстар тілейміз!