2018жылдың 29 қараша күні "Таңшолпан" ортаңғы тобының тәрбиешісі  Қ.Даришеваның ұйымдастыруымен  1желтоқсан Тұңғыш Президент күніне  арналған "Елін сүйген Елбасы" атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Балалар Әнұранды орындады.Ертеңгілікте  Елбасының дүниеге келуінен көрініс көрсетілді. Балаларға Елбасының өмірі туралы слайд арқылы таныстырылып, оның өмір жолы ұрпаққа үлгі-өнеге екені түсіндірілді. Мерекеге арнап өлең, тақпақтар,әндер айтылып, би биледі.

 

  

 

 Қазақстан Республикасының әнұраны орындалуда

 Балалардың музыка әуенімен залға келуі

 

  

Елбасының дүниеге келуінен көрініс

 

Естелік фотосурет"Таңшолпан"ортаңғы тобы бүлдіршіндері