"Таңшолпан" ортаңғы тобының тәрбиешісі Бикешова Айгерімнің ұйымдастыруымен 16желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз - елім Қазақстан" атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, Желтоқсан оқиғалары және Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Болашақ ұрпақты отансүйгіштікке баулып,туған жерін, елін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Балаларға Отанымыз Қазақстан, Елбасымыз, Рәміздер туралы сұрақтар беріліп, балалар мерекелік тақпақтарын, "Елтаңбасы елімнің", "Тәуелсіз Қазақстан"  әндерін және "Қазақ","Қара жорға" билерін орындады. "Жаса, Қазақстан!" әуеніне  Флешмоб билеп, соңында "Алға,Қазақстан!" сөзін үш тілде айтты.

 

  

 

"Таңшолпан" ортаңғы тобы бүлдіршіндері Әнұран айту үстінде.