"Балапан" ІІ кіші тобының тәрбиешісі Бубитаева Ғалияның ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік- мақтанышым!" тақырыбында өткен ертеңгіліктің мақсаты: балалардың Отаны, Рәміздері,Елбасы, Желтоқсан оқиғалары және Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.Мәнерлеп тақпақ айту, сахналық көріністерді көрсету арқылы еліне, отанына деген сүйіспешліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

 

Ертеңгілік Мемлекеттік Әнұранды айтумен басталды. "Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді!" атты көрінісінде әже  немересіне: "Тәуелсіздік -деген еркіндігің, бостандығың, бақытың!",- деп түсіндірді. Балаларға батасын берді. Балалар мерекеге арнап  Отан, Рәміздер туралы  тақпақтарын және  "Қазақстан бақыты" , "Атамекен" әндерін орындады. Отан туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтты. Соңында "Көк тудың желбірегені" әуеніне Флешмоб биледі.