«Жауқазын» бөбекжайында Таңшолпан ортаңғы тобының тәрбиешісі Даришева Қалампырдың жетекшілік етуімен «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ханталапай» республикалық (сырттай) байқауы болып өтті.
Мақсаты: ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытуға, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысуға ықпал ету.
Міндеттері:
-балалардың дағдыларын, танымдық белсенділігін арттыру;
-топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
-мақсатқа жетуде белгіленген ережелерді сақтау дағдыларын қалыптастыру;
-Отанына, еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
«Ханталапай» ойынынан көріністер

Ойынның ұйымдастыру бөлімінде

Ханталапай ойыны үстінде


«Алғыр бала» номинациясымен Нұрлан Бекболсын марапатталды
«Зерек бала» номинациясымен Жоламанов Нұрали марапатталды
«Мерген бала» номинациясымен Өтепберген Жандаулет марапатталды
Жетекшісі Қ.Даришева жеңімпаздармен бірге












