«Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беруде инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі»
Кадыргалиева Гулшара Садыровна
«Жауқазын» бөбекжайының I санатты музыка жетекшісі
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршіннің мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Балабақшадағы балалардың жан-жақты, рухани бай, жоғары мәдениетті болып қалыптасуына музыка тәрбиесінің қосатын үлесі зор.
Әр жастағы балаларға музыкалық білім беру, оларды жоспарлы түрде мектепке дайындау мақсатымен ұштастыра жүргізіледі.
Музыкалық тәрбиелеу арқылы балалардың шығармашылық мәдениетін қалыптастыруда түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы жүргіземін. «Тәрбие — тал бесіктен басталады» дегендей, осы орайда өткен ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін дәріптейтін ,қазақтың музыкалық өнерін сондай-ақ ауыз әдебиетінің жауһарларын заманауи әдіспен насихаттайтын, ұлттық өнерін дәріптейтін тәрбиелік тағлымы мол электронды «Киіз үй» құралы. Киіз үйдің тетіктерін бассаңыз, толғауы тоқсан тіл қатады, электронды «Киіз үй» құралы арқылы балаларды ұмытылып бара жатқан бесік жырларын, халық композиторларының терме-толғауларын тыңдату арқылы ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру. Бұл жаңалық балаларды қазақ әдебиеті мен білім нәрінен сусындатудың, мәдениетін дамытудың негізгі құралы болып табылады. Оны пайдаланған балалар ұлттық тәлім-тәрбие нәрімен сусындап, адами жақсы қасиеттерді бойына дарытатынболады. Шағын ғана киіз үйдің материалдары бүлдіршіндерге қауіпсіз етіп жасалынған.
Мектепке дейінгі балаларды ғажайып әндер мен күйлерді, музыкалық көркем шығармаларды тыңдату, ата – бабамыздан келе жатқан көне ұлттық музыкалық аспаптар, балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кеңінен мағлұмат бере отырып, бала бойына сіңдіре білу музыка жетекшісінің басты міндетінің бірі деп білемін.
Мен музыка оқу қызметін жүргізу барысында балаларды музыкалық аспаптар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлдім.
«Аспаптар сыр шертеді» тақырыбында өткізген ұйымдастырылған оқу қызметіндегі мақсатым:мектепке дейінгі балалардың өнерге деген құштарлығын арттыру. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру, аспапта ойнауға үйрету, топтасып жұмыс жасауға жетелеу.
Оқу қызметі барысында балаларға жұмбақ жасырып, соған байланысты ойын ойнату арқылы аспаптарды таныстырдым.
Лақтырдым да әуелетіп
Қағып алдым «Оп» деп
Жерге соқтым секең қақты
Атаймыз оны не деп? (доп)
Ойын: «Кім епті?»
Мақсаты: Доп арқылы ұрмалы аспапта ойнау тәсілін жетілдіру.
Шарты: Ортаға бір бала шығып допты жерге соғады. Қалған балалар доптың соғуымен санап, қолдарын шапалақтап көрсетеді.
Жіліктен шыққан сүйек
Ойнаймыз біз шертіп
Бәрімізге таңсық
Аты оның – асық.
Ойын: «Кім мерген?»
Мақсаты: Балалардың шертпелі аспапта ойнау дағдысына жаттығу.
Шарты: Үстелдің үстіне асықты тікесінен тұрғызып саусақпен дәлдеп шерту.
Үрлесең көлемі үлкейер
Домалақ күн әуеге мәуелер (шар)
Ойын: «Кім шарды тез үреді?»
Мақсаты: Балалардың үрмелі аспапта ойнау тәжірибесін жетілдіру.
Шарты: Екі балаортаға шығып жарысып шар үреді.
Рефлексивті-корекциялаушы бөлімде балалармен топтық жұмыс жүргіздім.
1-ші топтың балалары ермексаздан барабанмүсінін жасайды.
2-ші топтың балалары қағаз қиындыларынандомбыра құрастырады.
3-ші топтың балаларынүктелерді қосу арқылысыбызғының суретін
салады.
Осындай бағыттағы музыка оқу қызметінде, балалардың аспаптарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ойын түрлерін қолдана отырып, жүргізген тиімді. Балалар ойын ойнай отырып аспап түрлерін ажыратып, дауыс ерекшеліктерін салыстыра алады, аспаптар арқылы қатты және ақырын дыбысты, тез және жәй ойнауға болатынын түсінеді.
Музыка оқу қызметінде инновациялық технологияларды қолдана отырып, біз балалардың денсаулығын, есту қабілетін, тілін, қимыл-қозғалысын дамытамыз.
Оқу қызметі:
-Дауыс жаттығуларын;
-Тыныс алу жаттығуларын;
-Артикуляциялық жаттығуларды;
-Саусақ жаттығуларын;
-Саусақты-ойынды ертегілерді;
-Өзін-өзі уқалау жаттығуларын;
-Әуен терапиясын қамтиды.
Ән салу дауыс жаттығуынан басталады. Мажорлық гамма дыбысынан тұратын қарапайым мейірімді мәтіндері мен әуен көңіл күйді көтереді, қоршаған әлемді қабылдауға бағыттайды, дауысты ән айтуға әзірлейді.
Музыкалық сәлемдесу: «Қайырлы таң!»
Қайырлы таң! (қасындағы досына бұрылып, екі қолын созады)
Көңілді күлеміз, күні бойы шырқап біз
Әнімізді саламыз! (шапалақтайды)
Маңдайды, мұрынды, бетті де сипаймыз (қимылдар жасайды)
Әдемі боламыз, гүлдерге ұқсаймыз (фонарик)
Денсаулықты сақтаймыз, көңілді күлеміз
Әнді біз айтамыз. (қолдарын созады)
Тыныс алу жаттығулары балалардың зат алмасу процесіне оң ықпал етеді, орталық жүйке жүйесін қалпына келтіруге жағдай жасайды, бронхының дренаждық қызметін жақсартады.
Дауыс ауқымын кеңейтеді, тембрді, мұрынмен дем алудың бұзылысын қалпына келтіреді, көкірек қуысы мен омыртқаның түрлі өзгерістерін түзетеді.
Дұрыс дем алуды, интонацияны, дыбыс құруды, артикуляцияны, ерін бұлшық етін шынықтыруды, ұзақ, созылыңқы ауа шығаруды, бір уақытта дауысты дыбыстарды айтуды реттейді.
Жаттығулар:
-Мұрынмен терең дем алып, ауыздан шығару.
-Сол жақ мұрын қуысын оң қолдың сұқ саусағымен жауып тұрып, оң жақ мұрынмен дем алып, сол жақ мұрынмен шығару.
- «Күшікке ыстық» тілді шығарып, танаумен жиі дем алу.
-«Паровоз» әр баланың қолына (фломастер, қаламның) қалпағын беріп үргізу, дыбыс шығару.
Артикуляциялық жаттығулар артикуляциялық мүшелердің қимылын шынықтырады,тіл аппаратын жаттықтырады.
Баланың тілі жаттықпаған, олар әннің сөзін толық айтпайды, әріптерге тілі келмейді, сондықтан баланың тілін дамыту үшін, жаңа әнді үйренер алдында дауыс жаттығуымен қатар артикуляциялық жаттығуды қолдану керек.
Артикуляциялық жаттығулар балаға қолжетімді және қызықты.
Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс.
Ойын сәті балалардың ән айтуға деген қызығушылықтарын арттырады.
Бұл жаттығулар әсіресе, балалардың тіл шорқақтығын жойып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта алуына көмектеседі.
Жаттығулар:
- «Қызу өлшегіш». Балаға аузын кең ашып «ыстық» - деп айтуын сұраймыз, ал кейін кішкене еріндерін жауып «суық» - деп айтқызамыз.
- «Тісімізді тазалаймыз». Бала ерінін күлген сияқты ашып, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан, кейін үстіңгі гістерін тазалағандай қимыл жасайды.
- «Тілмен жаттығу». Тілдің ұшын тістеу, тілді оң және сол жақ тістермен кезек басу, тілді таңдайға тигізу, тілді алға созу, тіл астын көрсету.
- «Ерінмен жаттығу». Еріннің үстін және астын тістеу, ерінді алға созу, көңілді кейіпке ену, астыңғы ерінді түсіру, көңілсіз кейіпке ену.
Қай ертегінің кейіпкерлері? «Шалқан» ертегісі.
Ата (ұртын томпайтады)
Әже (ернін алға созады)
Немере (күлімдейді)
Ит (тілін шығарады)
Мысық (ернін жалайды)
Тышқан (үстіңгі ернін жоғары көтеріп, тісін көрсетеді).
Саусақ жаттығулары, саусақты-сөзді ойындар.
Қолдың ұсақ бұлшық етінің және тілдің дамуына, баланың сурет салуына, жазуына әсер етеді. Саусақ жаттығулары мен ертегілер музыкалық оқу қызметінде ерекше орын алады. Ал саусақ жаттығуларын ырғақты билерде, қимыл-қозғалыс ойындарында, қуыршақ ертегілерін көрсеткенде, драматизация кезінде қолданамыз.
Жаттығулар:
- «Балақан да алақан». Балалар дөңгеленіп шеңбер жасап түрады. Әуен ойнаған кезде балалар ән ырғағына еріп қол соғып, мәтінге қарай қимылдар жасайды.
«Саусақтар ертегі айтады»
Біздің көңілді саусақтарымыз нені көрмеді. Осы уақыт аралығында көп нәрселерді үйренді. Енді саусақтар барлық нәрселерді көрсете алады. Әсіресе ертегілерді.Қане ертегілерді есімізге түсіріп, кішкентай саусақ әртістеріміздің арқасында ертегі көрсетейік.
«Тауық» ертегісі
Ертеде ата(сақалын сипайды) және әже (орамалды тарту) өмір сүріпті. Олардың тауығы болған (сұқ саусақпен үстелдің үстін ұру немесе қанат қағу). Бір күні тауық жұмыртқа әкелді (саусақтарын қосып дөңгелекті көрсету), жәй жұмыртқа емес, алтын. Ата жұмыртқаны ұрды, ұрды (жұдырықты ұру), жараалмады. Әже ұрды, ұрды (жұдырықты ұру), жара алмады. Тышқан жүгіріп шығып (саусақтар үстелдің үстімен жүгіреді),құйрығымен қағып (сұқ саусақпен қағу), жұмыртқа құлап жарылды (қолды тізеге құлату). Ата жылады (қолымен көзді жабу). Әже жылады (қолымен көзді жабу). Ал тауық былай деді: «Ата жылама, әже жылама, мен тағы жұмыртқа әкелемін (саусақтарды жауып дөңгелек көрсету)». (слайд 20)
Өзін-өзі уқалау жаттығулары
Бала өзін-өзі уқалау жаттығуын ойын ойнағанда үйренеді, жаттығулар ішкі ағзаларға: жүрек, өкпе, бауыр, ішек және дененің биологиялық белсенді нүктелеріне әсер етеді. Өзін-өзі уқалау жаттығуы баланың денсаулығын нығайту үшін қолданылады.
Жаттығулар:
-Лео Делиб, француз композиторы «Пиццикато» - балалар шеңберге отырып, әуеннің ырғағына байланысты денелеріне саусақтарымен уқалау қимылдарын жасайды.
Әуен терапиясын педагогтар балабақшада күні бойы қолданулары қажет. Ертемен баланы қабылдаған кезде мажорлы әуенді, баланы ұйықтатар алдында «әлди» әуенін, ал ұйқыдан тұрған кезде баланы оятатын жәй, нәзік әуенді қосып қоюға болады. Әуен терапиясына классикалық әуендерді алған дұрыс, себебі классикалық әуендер күрделі болғанымен, баланың миына, резонансқа әсер етеді.
Мысалы: неміс композиторы Иоганнес Брамс «Колыбельная» шығармасын алуға болады. Егер балаға классикалық әуендер ұнамаса, заманға сай көңілді әуендерді тыңдатып, қолдарына орамал, гүлдерді беріп билетуге болады.
Инновациялық технологияларды музыка оқу қызметінде қолдану баланың музыкалық қабілетін неғұрлым тиімді дамытуға, олардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан инновациялық технологияларды әр баланың жеке және жас ерекшеліктеріне қарай пайдалану керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана 2016.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан, наурыз2011.
3.Дошкольный мир, 2018г, №8.












