Кел, балалар, келіңдер,

Қызық кітап көріңдер.

Қәне, қарап шығыңдар

Сурет сырын ұғыңдар.

Білім бар да, оқу бар

Оқығанды тоқыңдар.

Бүгінгі күні, 15.11.2022жыл, КМҚК «Жауқазын» бөбекжай-бақшасында «Кітап- біздің досымыз!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді жастайынан рухани- таза тілділік, сөздік қорын дамытуға, кітап арқылы қызығушылығын- жаңа ертегілер, жаңа ойындар, қызықты әңгімелер, мақал- мәтелдер, жаңылтпаштар, өлеңдер арқылы ояту. Балаларымызды кітаппен дос болуға, ұқыпты таза ұстауға және құрметпен қарауға тәрбиелейміз.
Бұл көрмені ұйымдастыруға көмек көрсеткен ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз.