«Сәйгүлік» тобы

Армысыңдар,халайық! Бармысыңдар,халайық! Жаңа жылды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық! Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Бақыт, молшылық, шаттық әкелсін. Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңзді - деп, "Жауқазын" бөбекжай - бақшасында тәрбиеші - Сисенова Ақмарал Амангалиқызының ұйымдастырумен "Жаңа жылда Жаңа нұр" тақырыбында "Сәйгүлік" тобында ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз атаның, Ақшақардың, Жаңа жыл Қоян жылының карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату және жаңа жыл кешіне арнайы дайындаған әндер, тақпақтар, сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін жетілдіру, әр түрлі би қимылдарын жасап дене қозғалысын ширату, еркін жүріп өзін ортаға бейімдеу.