"Жасыл шырша жанында" ертеңгілігінің мақсаты: Жаңа- жыл мерекесі арқылы қуаныш сыйлау. Шырша әсемдігін,қыс келбетін сезіну,әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Жұмбақ жасыру,өлең орындау, би билеу,түрлі ойындар ойнау арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту ,көпшілік ортада ұстамды болуға тәрбиелеу. Кейіпкерлерді сомдауда балалардың шығармашылық шеберліктерін арттыру.












