Кел, балалар, тұрмаңдар,
Бізде қызық, думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар- деп,
«Жауқазын» бөбекжай- бақшасының «Ортеке» кіші тобында тәрбиеші А.Таңатарованың ұйымдастыруымен «Ертегілер еліне саяхат» атты ойын- сауық өткізілді.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету. Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау.












