Әкеміз бен анамыз,
Қамқоршымыз,панамыз.
Ақылынан жан-жақты,
Үлгі-өнеге аламыз.
"Жауқазын" бөбекжай-бақшасында "Сәйгүлік" кіші тобының тәрбиешісі Хайдарова Жанардың ұйымдастыруымен "Әкем,шешем және мен" спорттық эстафеталық жарысы өтті.
Мақсаты: Ата-ананың бөбекжаймен тығыз байланыста болуын және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымаққа жүргізілген жұмыстарының нәтижелі болатынына көз жеткізу.Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денсаулығын нығайту, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы да баулу. Ата-аналармен жарысқа қатыстыра отырып ,баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-ананың балаға деген тәрбиесін көрсету.
Жарысқа Пангереевтер отбасы-"Бірлік"тобы. Есенбаевтар отбасы-"Спорт" тобы. Расулиевтер отбасы- "Жұлдыз" тобы болып жарысқа түсті. Эстафеталық жарыс 6 кезеңнен тұрды.Командалар өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын көрсетіп, әділ-қазылар шешімімен Расулиевтер отбасы("Жұлдыз" тобы) жеңіске жетті.
Командалар I,ll,lll- дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге топтың ата-аналары демеушілік көрсетіп, сыйлықтарын табыстады. Бөбекжай әкімшілігі және топ тәрбиешілері атынан ата-аналарға алғыс білдіре отырып,ризашылықтарын білдірді.












