Тулегенова Болған Сәменқызының ұйымдастыруымен 14.11.2023 жылы "Педагогтердің көңіл-күйін тұрақтандыруға арналған тренинг, ойын-жаттығуларын өткізді. Мақсаты: педагогтердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту, қарым-қатынасын нығайту. Педагогтар көңілді әуенмен амандасып, бір-біріне деген жылы көзқарастарын білдірді. "Тірі дәліз", "Мен кіммін?", " Менің есімімді кім қойды?", "Бүгінгі менің көңіл күйім", "Кім епті, кім жылдам?", "Ой саларлық үш оқиға", "Үрлеп дем шығару жаттығуы", "Менің өткен шақтарым", "Аспаптардың қимылы" ойынымен аяқтай келе адамдардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру бағытында өздеріне ұнаған смайликті таңдап, ішінде жазылған сөздерді оқып, тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.