"Жауқазын" бөбекжай-бақшасында 20-24 қараша аралығында
"Ұлттық киімдерді насихаттау" бағытында апталық болып өтті. Апталық аясында балаларға ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған құндылықтарымызды бағалауға үйретіп, ұлттық дәстүріміз бен киімдерімізді үлгі тұтуға, ұлттық ойындарға деген балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Сонымен қатар балаларды Отан сүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелей отырып, балалардың бойына ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру. Ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында балалар салт-дәстүрімізді жаңғырту, ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлерді тағып, ұлттық мұрамызды ұлықтауға атсалысты. Осындай іс-шараларды өткізу арқылы әсемдік пен көркемдіктің үйлесімділігін, қазақы мінез бен өзіне тән қонақжайлық, кішіпейілділікті насихаттау басты мақсатымыз, әрі парызымыз.












