"Жауқазын" бөбекжай-бақшасы "Нұржауған" тобында "Көшеде жүру ережелері және белгілері" атты ойын-сауық болып өтті.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу, бағдаршам туралы дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін ойын арқылы балаларға түсіндіру. Балалар күз мезгілін тамашалау үшін автотұраққа келіп, автобусқа әндете отырып, серуенге шықты. Серуен кезінде жаяу жүргіншінің жолынан Дымбілмес велосипедпен өтіп, оны көше сақшысы ұстап ескерту жасап, бағдаршам туралы түсіндіреді. Балалар бағдаршам туралы тақпақтар айтып, "Бағдаршамға бағын" атты ойынмен жалғастырады.
Ойын-сауық одан әрі " Қандай көлік екенін тап" ,"Көліктердің аттарын атап, құралдарын орналастыр"," Дұрыс- бұрыс" ойындарымен жалғасып, балалар көліктер құрастырып, жұмбақтар шешті. Ойын- сауық " Аман-есен жүрейік, Жол тәртібін білейік" деген мақал-мәтелмен аяқталып, Дымбілмес өз ризашылығын білдіріп балаларға көңілді смайликтер таратты.












