16.10.2023-27.10.2023 ж күндер аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Өрлеу" біліктілігі арттыру ұлттық орталығынан кәсіби деңгейін шыңдау мақсатында әріптесіміз Асыл Ермекқызы іс-тәжірибесімен, алған ақпараттарымен бөлісті. Асыл Ермекқызы "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог-мұғалімдердің түзету дамыту қызметін оңтайландыру" тақырыбында баяндай отырып, тәжірибе алмасу ретінде педагогтерге түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойындар, жаттығулар ұйымдастырды. Әр ойын-жаттығуларға педагогтер қызығушылықпен қатысып, жақсы деңгейде ұйымдастырып, әріптестерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Педагогтер алған әсерімен бөлісіп бөбекжай меңгерушісі Марина Қуанышкеревна және бөбекжай әдіскері Ақжүніс Қисақызы қорытындылады.