2023жылдың 01желтоқсан күні "Алтын балық" бөбекжай-бақшасының базасында "Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқыту әдістерін зерттеу, талдау және қолдану"тақырыбында оқыту-семинары өтті.

Мақсаты: Әдістемелік көмек арқылы білім берудің жаңа технологияларын бөбекжай- бақша практикасына енгізу, өзара тәжірибе алмасу. Семинарда қаралған тақырыптар :"Тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастыру", "Ата- анамен жүргізілетін жұмыстың заманауи әдістері", "Баланың жеке даму картасының толтыру жолдары туралы" тақырыбында оқыту- семинары болып өтті. Сол семинардан алған ақпараттарымен "Жауқазын" бөбекжай- бақшасының әдіскері Каримова Ақжүніс Қисақызы өз әріптестерімен ортаға салып, іс- тәжірибе алмасу арқылы семинар өткізді. Семинарда әріптестерімен "Ағаш тамырымен мықты"атты тренингімен аяқтап, әріптестері алған әсерлерімен бөлісті.