"Жауқазын" бөбекжай -бақшасы "Таңшолпан" ересек тобында тәуелсіздігіміздің 32жылдық мерейтойына орай "Тәуелсіздік бақытым, бағым менің" атты ашық тақырыптық іс-әрекет өтті. Іс-әрекеттің негізгі міндеті: Өздері тұратын қала мен ауыл, еліміздің Астанасы туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Еліміздің жетістіктеріне мақтаныш сезімін, мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ұйымдастырушы тәрбиеші Ж.Қ.Аманғалиева