Мақсаты: Жыл мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыра отырып, жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін ұғындыру. Ертеңгілік "Бауырсақ" ертегісімен басталып, қоян, қасқыр, түлкі кейіпкерлері келіп, балалармен би билеп, ән айтты. Ескі жыл балалармен қоштасып, жаңа жыл ұлуға тапсырып, жақсылық тіледі. Аяз ата мен Ақшақар балалар өнерін тамашалап, сыйлықтарын таратты. Ұйымдастырушы тәрбиеші Бубитаева Галия Унаевна.












