Мақсаты: Білім көзі, алтын қазына- кітап туралы ерте жастан балаларға алғашқы түсінік беру. Оның әдемі парақшаларына қызықтырып, сүйіспеншіліктерін арттыру. Қолдарына ұстаған кітаптарды ұқыпты қолданып, жинап қоюға үйрету. Ата-аналарды да кітаптан алшақтамай, мектеп жасына дейінгі балалар әдебиетімен таныстырып, олармен дос болуға шақыру. Кітап көрмесін ұйымдастыруға ат салысқан топтың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз.












