«Сәйгүлік» кіші жас тобы тәрбиеленушілерінің ашық іс - әрекет, ойын - сауықтарынан хабарламалар. Тәрбиешілер Б.У.Кадирова және А.Р.Танатарова. "Жауқазын " бөбекжай бақшасы "Сәйгүлік" кіші тобында тәрбиеші А.Танатарованың ұйымдастыруымен балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс - әрекетін дамыту дағдысы бойынша мүсіндеуден "Қыс қызығы "тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс - әрекет өтті. Мақсаты: Қыс туралы тусініктерін кеңейту. Қыстың ғажап көріністерін сезіне білуге үйрету. Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектердің көмегімен өз бетінше құрастыру. Сурет салудын дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып, балалардың сурет салуга деген Қызығушылыктарын арттыру.












