«Кітап — жарқын әлемге» жобасы аясындағы топтық жұмыс Бүгін біздің топта ерекше күн өтті. Балалар кітаптың керемет әлемімен танысып, оның адам өміріндегі маңызын терең сезінді. Алдымен балалар кітап көрмесіне барды. Мұнда түрлі-түсті суреттермен безендірілген ертегілер мен танымдық кітаптар қойылды. Балалар қызыға қарап, өздеріне ұнаған кітаптарды қолдарына алып парақтап, бір-бірімен ой бөлісті. Бұл көрме олардың кітапқа деген қызығушылығын оятты. Келесі ерекше сәт — әжесінің ертегі оқуы болды. Жылы да жұмсақ үнмен әжеміз балаларға қазақ халық ертегілерінің бірін оқып берді. Балалар ынтамен тыңдап, оқиғаның кейіпкерлері мен мән-мағынасын бірге талқылады. Бұл кездесу балалардың зейінін арттырып, ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін оятты. Осындай іс-шаралар балалардың тіл байлығын дамытуға, қиялын ұштауға және кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға зор үлес қосады. Кітап — балаларды жарқын болашаққа жетелейтін сенімді жолсерік.