“Жауқазын” бөбекжай- бақшасында 2025 жылдың 30 қазан күні “Заманауи білім беру кеңістігіндегі жобалық қызмет” тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: тәрбиешілерді жобалық әдістің ерекшеліктерімен таныстыру, тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету. Өткізу форматы: теория, тәжірибе, пікірталас. Семинар барысында әдіскер А.Қ. Каримова және тәрбиеші Ж.Қ.Аманғалиева жоба тақырыптарын ортаға салып, жоспарларымен бөлісті. А.Қ.Каримова- жоба тақырыбы “Болашаққа бағытталған бірлік: педагогтерді ұйымдастырудың жаңа үлгісі” Ж.Қ.Аманғалиева жоба тақырыбы: “Табиғатты аялау -біздің борышымыз”. Іс- шара барысында теориялық бөлімде педагогтер жобаның негізгі кезеңдерімен бөлісіп, жаңа әдістермен танысты. Практикалық бөлімде топтық жұмыс көрсетілді. Рефлексия әдісімен қорытындылай отырып қатысушылар семинардан алған пайдалы 2 тармағын және 1 ұсынысын айтты. Семинарлар педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіріп, ұжымдағы ынтымақтастықты арттыра түседі. #болашаққа бағытталған бірлік #әдіскер ізденісі #кәсіби даму