"Жауқазын" бөбекжайында " Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологияларының түрі- ұсақ моториканың маңызы" тақырыбында педагог мамандардың қатысуымен семинар өтті.
Семинарға әр педагог өзіне берілген тақырып бойынша баяндама жасап, слайд арқылы өз жұмыстарын көрсетіп әріптестерімен бөлісті.Балалардың тілін дамытуда ойын технологияларын, ұсақ моториканы қолдануға болатынын баяндама барысында түсіндіріп айтты. Атап айтсақ, "Ұсақ моториканы дамыту арқылы тілін дамыту" тақырыбында тәрбиеші М.Гумарова, " Саусақ ойындарына арналған өлеңдер" тақырыбында тәрбиеші Д.Қанатқызы, "Шамадан тыс белсенді балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары" тақырыбында психолог Б.Тулегенова, "Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл қозғалысын дамытуда би өнерінің маңызы" тақырыбында би жетекшісі А.Шахмановалар баяндама жасап, ойларын ортаға салды.
Педагог мамандар семинарға қатысуда
"Ұсақ моториканы дамыту арқылы тілін дамыту" тақырыбындағы баяндама тәрбиеші М.Гумарова
" Саусақ ойындарына арналған өлеңдер" тақырыбындағы баяндама тәрбиеші Д.Қанатқызы
"Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл қозғалысын дамытуда би өнерінің маңызы" тақырыбындағы баяндама Би жетекшісі А.Шахманова
"Шамадан тыс белсенді балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары" тақырыбындағы баяндама психолог Б.Тулегенова
"Ашулы шарлар" ойыны
"Домалақ жіп" жаттығуы
https://zhaukazyn-mahambet-bb.kz/kz/zhanaly-tar/117-seminar.html#sigFreeId80f542d0f4












