"Жауқазын" бөбекжайы "Таңшолпан" ортаңғы тобының тәрбиешілері Қалампыр Даришева мен Айкерим Бикешовалардың ұйымдастыруымен «Болашаққа –білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен спорттық-интелектуальдық ойын "Салауатты балдырған" болып өтті.


Ондағы мақсат:  балаларды шапшаңдыққа,ептілікке, қырағылыққа, ой-өрісін дамытуға арналған. Балалар  "Махамбет"  және "Сарайшық" тобы болып бөлініп  жарысқа түсті. Берілген барлық тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде өздерінің ұшқыр ойларымен,шапшаңдықтарымен белсенділік танытып, "Сарайшық" тобы жеңіске жетті. Соңында балаларды  Дипломмен марапаттап, сыйлықтар берілді.

.