Мақсаты: балалардың наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту.Халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпын насихаттау, ұлттық мәдениетке, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

 

"Ботақан" ерте жас тобының тәрбиешісі А.Қайрекешова "Қош келдің, Наурыз!", "Ортеке" І кіші тобының тәрбиешісі Б.Альдешова "Армысың, Әз Наурыз!", "Сәйгүлік" І кіші тобының тәрбиешісі Ж.Хайдарова "Наурыз думан", "Нұржауған" ІІ кіші тобының тәрбиешісі М.Гумарова "Қош келдің,Наурыз"", "Балапан" І кіші тобының тәрбиешісі Ғ.Бубитаева "Наурыз келді, алақай!", "Таңшолпан" ортаңғы тобының тәрбиешісі Қ.Даришева "Қош келдің, Әз Наурыз!" тақырыптарында ертеңгіліктер өткізді. Мерекелік ертеңгіліктерде балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар айтып, ұлттық ойындар ойнады. "Тұсау кесу", "Бесікке салу", "Ат қою", "Нәрестені қырқынан шығару"  сынды салт-дәстүрлерді орындады. Қыз Жібек пен Төлеген қойылымынан үзінді қойылды.Сондай-ақ, әжелер шашу шашып, көрісу рәсімін орындап ақ батасын берді.