"Балапан" ІІ кіші тобында тәрбиеші Ғ.Бубитаеваның ұйымдастыруымен "Бағдаршам -біздің досымыз!" тақырыбында ойын-сауық өтті. Мақсаты: жолда жүру ережелерін есте сақтау, бағдаршам белгілерінің айырмашылығын жолда және көшедегі қауіпсіздік ережелері, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Ойын-сауықта балалар жол ережелері туралы көрініс тамашалап, өз ойларын ортаға салды. Жол белгілерін ажырата білді. Дымбілмеске жолда доп ойнамау керектігін түсіндіріп, жол ережесі туралы түсінік берді. Балалар тақпақтар, әндер айтты, "Бағдаршам" ойынын ойнады. Ойын-сауыққа арнайы қонаққа келген МАЙ қызметкерлері бүлдіршіндерге жолда жүру ережелерінің қыр-сырларын үйретті.
https://zhaukazyn-mahambet-bb.kz/kz/zhanaly-tar/144-ba-darsham-bizdi-dosymyz.html#sigFreeId7b58eefe66












