"Жауқазын" бөбекжайында 1 мамыр Бірлік күніне арналған ертеңгіліктер болып өтті. "Балапан" ІІ кіші тобының тәрбиешісі Д.Қанатқызының ұйымдастыруымен "Ұлт бірлігі- ұлы байлық" тақырыбында және "Таңшолпан" ортаңғы тобының тәрбиешісі А. Бикешованың ұйымдастыруымен "Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан!" тақырыбында ертеңгіліктер болды. Мақсаты 1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу.