2022жылдың 18 қазанында Махамбет аудандық "Жауқазын" бөбекжай-бақшасында "Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың" мазмұндағы өзгерістерге байланысты әдістемелік отырыс ұйымдастырылып меңгеруші М.Гумарова, әдіскер А.Каримова педагогтарға түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазанында №422 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  бағдарламасы" нормативтік құжат талаптарын жүзеге асыру үшін Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың сапасын арттыру міндеттері және мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық-зияткерлік, әлеуметтік, шығармашылық дағдыларын дамыта отырып қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ойын түріндегі балалардың түрлі әрекеттерін күні бойына жүргізу туралы айтылып  және  педагогтармен пікір алмасулар болды.