КМҚК "Жауқазын" бөбекжай-бақшасының "Сәйгүлік" тобында тәрбиеші Ж.Хайдарованың ұйымдастыруымен "Берекелі-Алтын күз" тақырыбынды ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты Күз мезгілінің ерекшелігін ұғындыру, мерекелік көңіл-күй орнату.
Мерекелік шараға Күз Ханшайымы, Бұлт келіп бүлдіршіндерге ойындар ойнатып , жақсы көңіл сыйлады. Бүлдіршіндеріміз әсем әуенмен "Тамшылар", "Күзгі жел" әндерін және ұл балаларымыз "Көкөністер", ал қыз балаларымыз- "Қолшатыр" билерін әдемі орындады. Балаларды өнерге баулу мақсатында берілген тапсырма бойынша ата-анамен бірлесе жасаған "Күзгі" көрмелерін мадақтап , ата-аналарға диплом берілді. Осы ертеңгілігіміздің жақсы өтуіне көмектескен ата-аналарымызға және балаларымызға рахмет айтамыз.












