"Жауқазын" бөбекжай- бақшасында "Таңшолпан" ересектер тобында 25 қазан Республика күніне "Мен Отанымның бақытты ұлымын" атты тақырыптық сағат өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу, еліне, жеріне, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. 25 қазан Республика күні бүкілхалықтық мереке күні болып тойланатынын түсіндіру. Тәрбиеленушілер буклет арқылы Қазақстан туралы әңгімелеп, тақпақтарын жатқа айтты. "Кім тапқыр" атты ойында қала аттарын айтып жарысты. Өазаөстан қалалары бойынша Қазақстан картасын құрастырды. "Достық" атты асықпен ойын ұйымдастырылды. Балалар "Қазақстан" әнімен сабақты аяқтап, жақсы көңіл- күйде болды.