"Жауқазын"бөбекжай- бақшасында "Балапан" ересек тобында 25 қазан республика күніне орай "Қазақ елі-менің Отаным" атты тақырыптық сабақ өтті. Мақсаты: Балаларды өз Отанын, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Тақырыптық сабақ әнұранмен басталды. Тәрбиеленушілер Отан, Қазақстан туралы тақпақ әндерін орындады. Әр қала аттарын орналастыру арқылы Қазақстан картасын құрды. Іс- әрекет "Көк тудың желбірегені" әнімен, көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.