«Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да 2022 жыл - Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деді Қасым - Жомарт Тоқаев.
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың ешқашан сөнбесін, еркінде өмір сүріп саналы ұрпақ, ақылды азамат болып өссін!
«Жауқазын» бөбекжай - бақшасында «Таңшолпан» ересек тобы тәрбиеленушілерімен музыка жетекшісі Г.Қадырғалиева «көңілді аспаптар» оркестрін құрып, балалардың музыкаға деген талантына көңіл бөліп, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Еліміздің болашағы өнерлі, білімді балалар көбейе берсін!
https://zhaukazyn-mahambet-bb.kz/kz/zhanaly-tar/166-2022-zhyl-balalardy-zhyly.html#sigFreeId900d9d1e98












