18 қаңтар күні "Жауқазын" бөбекжай-балабақшасында әдіскер А.Қ.Каримованың ұйымдастыруымен әдістемелік- бірлестік отырысы өтті. Басты мақсаты «Оқы және өзгеге ұсын» атты буккроссинг жобасын әріптестерге ұсынып, таныстыру.

«Артық ғылым кітапта»_ деп Абай атамыз айтқандай, өркениет көшінен қалмаудың басты қағидасы, «Оқу-білім алу-іздену». Білім беру бағдарламасында көрсетілгендей, балалардың кітапқа қызығушылығын оятуды балабақша тәрбиеленушілерінен бастау алдық. Тәрбиешілер бүлдіршінді жаңа кітаптармен қызықтырып, оқып бере отырып, қызықты ертегілерді таныстырып, өлеңдер жаттатуда. Осы үрдісті өзімізде жаңғыртып, балабақша ұжымы болып қолға алдық.

«Оқы және ұсын» буккроссинг жобасының мақсаты: әріптестер арасында кітап оқуды насихаттау, рухани мәдениетін көтеру.

Ереже қарапайым: әр оқырман үй кітапханасындағы сүйікті кітаптарын қозғалысқа енгізіп, бір-бірімен алмаса отырып, бірнеше кітаптарды оқып шығу. Ол оқығанды жай ғана өзімізге қалдырмай, жыл соңында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырып, қорытындыланады.

Белгіленген уақыт: әр кітапты оқу үшін 2 апта. Жыл соңына дейін кітаптар уақыт пен кеңістікте саяхаттап, қолдан қолға басқаларына түседі, яғни өмір сүруді жалғастырады. Балабақша ұжымына сәттілік! Сіздер де өз мекемелеріңізде, ортаңызда "Буккроссинг " акциясын жалғастыруға шақырамыз!