Жауқазын" бөбекжай-бақшасының педагог-психологі

Тулегенова Болған Сәменқызы "Қарым-қатынас жаттығулары" (өз ортаңызда қандайсыз?) тренинг жаттығуларын ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты: Педагогтардың ұжымдағы қарым-қатынас іскерлігін өзара байланыс негізінде дамыту, көңіл-күйлерін көтеру. Педагогтардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын нығайта отырып, жағымды жағдаяттар орнату.Қарым-қатынас дегеніміз - адамдар арасында бір-бірімен байланысқанда туатын күрделі процесс. Қарым-қатынас - ол адамдар арасында ақпарат алмасу. Адамдар бұл жерде бір-бірімен санасы мен ақылы арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі тренингте педагогтардың шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздеріне құрметпен қарауға, ұжымдық қарым-қатынас орнатуға арнады. "Мен өзіме жауапкершілікті қабылдаймын", "Автопортрет", "Мен басқаның көзімен", "Менің бейнем", "Өзімді жақсы сезінемін", "Жүйрік ой" атты жаттығулары тартымды әрі әсерлі болды. Педагогтар тренингтен алған әсерлерін, өз ойларын, пікірлерін айтып бөлісті.