Мақсаты: психологиялық тұрғыда ұжымды бірлікке, ынтымаққа, сыйластыққа, жан-жақтылыққа олардың бойында көрініс табатын әртістік қабілеттерін дамытуға, жалпы жеке тұлға бойына тән мінез-құлықтарды көрсете білуге жетелеу.

Міндеттері: - ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру; - сергек қимыл, ширақ ой, сезімтал жүрекпен өзіне деген қызығушылықтарын одан әрі жандандыру; -жеке тұлғалық қасиеттерін ашу бағытында "Наполеонның кейпі" тапсырмасы, "Мықты тірек", "Өмір қызығы", "Көңілді жаттығу", "Менің бейнем", тапсырма: "Информацияны жеткізу", "Қар кесек", " Өрмекші торы" жаттығулары тартымды әрі әсерлі болды. Қызметкерлер тренингтен алған әсерлерін, өз ойларын, пікірлерін айтып бөлісті.