«Жауқазын» бөбекжай бақшасында педагог-психолог Тулегенова Болған Сәменқызының ұйымдастыруымен ашық іс-әрекетін өткізді.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, есте сақтауларын, зейіндерін, ерік-жігерлерін, тілдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту, сипап сезу қабілеттерін жетілдіру. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке үйрету.
«Ойнайық та, ойлайық» тақырыбы бойынша «Көңілді шеңбер», «Кім жоғын тауып ал», «Қандай зат жоқ?, не өзгерді?», «Сиқырлы қоржын» ойындарын балалар қызыға ойнады. Ойынға деген құштарлықтары артып, көңілді жақсы әсер қалдырды.












