"Жауқазын" бөбекжай бақшасында педагог-психолог Тулегенова Болған Сәменқызының ұйымдастыруымен  ашық іс-әрекетін өткізді.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, есте сақтауларын, зейіндерін, ерік-жігерлерін, тілдерін дамыту. Қойылған сұраққа нақты, толық жауап берудерін қадағалау. Сөздік қорларын байыту, жетілдіру. Ойынға деген қызуғышылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке үйрету. Жыл бойы үйренген білімдерін жетілдіру. Ұйымдастырылған іс-әрекетін нейрожаттығумен бастады. 4 жыл мезгіліне байланысты суреттерді қарау арқылы балалар шағын әңгіме құрастырды. Ойын: "Сөз ойла, тез ойла" , "Асықтарды түсіне қарай жина" шығармашылық саласы бойынша балаларды екі топқа бөліп, қызғалдақ, сарғалдақ суреттерін салды. Балалардың ұсақ-қол моторикасын жетілдіру бағытында суреті ұқыпты, эстетикалық талғамға сай салуды қадағалау. Ойын: "Менің сүйікті ойыншықтарым, "Менің көңіл күйім" Балалар қолына көңілді смайликті алып өз жүректерінен шыққан тілектерін еркін жеткізуге дағдыландыру. Балалар барлық ойынды көңілді қабылдап, жақсы әсер алды.