"Жауқазын" бөбекжай бақшасында хореограф Шахманова Айна Зинешқызының ересек «Таңшолпан» тобында вариативтiк компонент
«Кел, билейік!» ұйымдастыруымен ашық іс-әрекетін өткізді. Мақсаты: Балалардың бойында өнерге, биге деген қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің көмегімен би - қимыл қозғалыстарын дамыту. Әртүрлі биде кездесетін қимылдарды нақты, дұрыс көрсете білуге үйрету. Жыл бойы үйренген би-қимыл қозғалыстарын биде көрсету, әрі қарай жетiлдiру. Ұйымдастырылған іс-әрекетін балалар залға әуенмен шеңбер бойымен жүре қимылдар жасап, айнаға шахмат түрде тұрып ,,тәжiм" жасады. Алдымен шеңбер бойымен жүрiп сергiту жаттығулар жасап, одан кейін ортада тұрып дене қыздыру жаттығулар жасады. Балалар жыл бойы үйренген би қимылдарды еске түсірiп, қимылдың атауларын атады (,, тәжiм", ,, құс қанаты ", ,, қос өркеш", ,, айналмақ", ,, қос айналмақ ", ,, ұялу", ,, қызғалдақ ", ,, бiлезiк", ,, сәндену"). Балалар осы аталған қимылдары әуенге қосып би ретінде орындады. Балалар музыканың ырғағымен жүрудi; қимылдарды музыкамен сәйкестендірудi; музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгертуді бiледi. Балалар жақсы көңіл күймен орындады.












