"Жауқазын" бөбекжай-бақшасындағы "Нұржауған" ортаңғы тобында тәрбиеші Бубитаева Галияның ұйымдастыруымен қорытынды ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.

 Мақсаты: Балаларды бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасау. Әрбір баланың қызығушылығына мән беру, сұрақтарына жауап беру, жеке сөйлесу. Балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру. Жыл мезгілдерін ойын арқылы ерекшеліктерін атап айтқызды. Балаларды кітап бұрышына апарып, жыл мезгілі туралы әңгіме айтты. Балалар кітап туралы білетін мақал-мәтелдерін айтты.