Семинар «Жаңаша ұйымдастырылған іс-әрекет қандай болады?»

2023 жылдың 27 қыркүйек күні "Жауқазын" бөбекжай-балабақшасында кезекті жоспар бойынша әдістемелік күні ұйымдастырылды. 

5-13 маусым аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институтының» "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру" тақырыбында өткізілген біліктілікті арттыру курсынан өткен әдіскер Каримова Ақжүніс Қисақызы мен тәрбиеші Аманғалиева Жансұлу Құрылысқызы өз білгендерін ортаға салу мақсатында "Жаңаша ұйымдастырылған іс-әрекет қандай болады?" тақырыбында семинар өткізді. Семинарда әріптестеріміз 5 түрлі дағдыны оңтайлы әрі біріктіре отырып қалай ерекше де қызықты етіп іс-әрекетте қолдануға болатынын тәрбиешілер мен мамандарға түсіндірді. Педагогтар өздерін бала ретінде сезініп іс-әрекетте квест- ойын тапсырмаларын қызықты етіп орындады. Семинар жоғары деңгейде өткізіліп, әріптестерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балабақша психологы Б. Сәменқызы мен балабақша әдіскері А. Қисақызы семинарды қортындылады.