2023 жылдың 11 қазан күні “Жауқазын” бөбекжай- бақшасының жоспарлы әдістемелік күні ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде: 11.09.2023-21.09.2023ж. күндер аралығында ҚР Оқу- ағарту министрлігі “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан кәсіби деңгейін шыңдау мақсатында әріптесіміз Күнсұлу Орынбасарованың іс- тәжірибесімен, алған ақпараттарымен бөлісу. Күнсұлу Коблановна “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту” тақырыбын баяндай отырып, топтау әдісімен педагогтарды: кіші, орта және ересек топтарға топтастырды. Бес дағдыны кірістіріп қимылдық ойын ұйымдастыру тапсырмасы берілді. Әр топ өз деңгейлеріне қарай қимылдық ойындарды қызықты әрі тартымды қылып ұйымдастыра білді және қорғап шықты. Педагогтер алған әсерлерімен бөлісіп, бөбекжай әдіскері Ақжүніс Қисақызы қорытындылады.
https://zhaukazyn-mahambet-bb.kz/kz/zhanaly-tar/196-zhau-azyn-b-bekzhaj-ba-shasy.html#sigFreeIdfd97fe807f












