«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы топтарында осындай тақырыпта күз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті.

 Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру.  Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерімен таныстыру, күзгі еңбек жайлы айту. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып түсіндіру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету.

 Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Балаларды өнерге баулу мақсатында берілген тапсырма табиғи өнімдерден ата аналармен бірлесе отырып жасалған “Күзгі көрмелерін “мадақтап ата аналарға рахметіміз айтылды.