"Жауқазын" бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Тулегенова Болған Саменқызының ұйымдастыруымен "Мейірімділік- жылулық шуағы" атты қызметкерлер арасында тренинг ойын, жаттығуларын өткізілді. Мақсаты: Қызметкерлердің педагогикалық-психологиялық білімін, мәдениетін, эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, бір-бірімен қарым- қатынастарын бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, психологиялық қолдау көрсету. Міндеттері: Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, сергек қимыл, ширақ ой, сезімтал жүрекпен өзіне деген қызығушылықтарын одан әрі жандандыру бағытында "Көрші" жаттығуы, "Карусель" ойыны, "Аралда", "Шардың құпиясы", "Өтінемін", "Сиқырлы таяқ", "Ептілік пен жақсылық", "Сөйлемді жалғастыр", "Рахмет" жаттығулары тартымды әрі әсерлі болды. Қызметкерлер тренингтен алған әсерлерін, өз ойларын, пікірлерін айтып бөлісті. Тренинг соңында бөбекжай меңгерушісі Гумарова Марина Куанышкереевна және әдіскер Каримова Ақжүніс Қисақызы тренингті қорытындылап өз пікірлерін айтты. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, мейірімді болайық дей келе тренингті Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әнімен аяқтады.