«Ботақан» ерте жас тәрбиеленушілерінің ашық іс - әрекет, ойын - сауықтарынан хабарламалар. Тәрбиешілер С.А. Дүйсенова, А.М. Бикешова.
"Жауқазын" бөбекжай - бақшасының "Ботақан" ерте жас тобында тәрбиеші Бикешова Айкеримнің ұйымдастыруымен балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс - әрекетін дамыту дағдысы, мүсіндеуден "Аққала" тақырыбы бойынша ашық ұйымдастырылған іс әрекет өткізілді.
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсіндіріп, ерекшеліктерін айту. Аққала туралы түсінік беру. Ермексазды пайдаланып балалардың мүсіндеуге қызығушылықтарын арттыру. Ермексаздың кесектерін пайдаланып, алақан арасына домалатып, аққалаға арнап, қар кесектерін дөңгелек пішіндерді мүсіндеу
"Ботақан" ерте жас тобында оқу жылының басынан алған тәлім - тәрбие, дағдыларын көрсете отырып, ұйымдастырылған іс - әрекеттер өтті.
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс - әрекетін дамыту бағытында музыка жетекшісі Айна Зейнешқызының «Сылдырмақ» атты ашық іс - әрекеті ұйымдастырылды. Балалар тақырыптық ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл күйде болды.
"Жауқазын" бөбекжай - бақшасында "Ботақан" ерте жас тобының "Ана біздің - күніміз " атты мерекелік ертеңгілігі болып өтті.
Мақсаты: бөбектерге мерекелік көңіл - күй сыйлау, тақырыптық әндер, билер, ойындар үйретіп, ұйымдастыру. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге бөбектерді ерте жастан тәрбиелеу.
"Жауқазын" бөбекжай - бақшасында "Ботақан" ерте жас тобының "Ана біздің - күніміз " атты мерекелік ертеңгілігі болып өтті.
Мақсаты: бөбектерге мерекелік көңіл - күй сыйлау, тақырыптық әндер, билер, ойындар үйретіп, ұйымдастыру. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге бөбектерді ерте жастан тәрбиелеу.
"Жауқазын" бөбекжай - бақшасының "Ботақан" ерте жас тобында топ тәрбиешілері: Дүйсенова Салтанат, Бикешова Айкеримнің ұйымдастыруымен Денсаулық күніне орай "Көңілді балақайлар" тақырыбында шара өтті.
Мақсаты: Бөбектердің денсаулығын нығайту, аяқ, қол бұлшық еттерін ширату, көңілдерін көтеріп, сергіту болды.
https://zhaukazyn-mahambet-bb.kz/kz/zhanaly-tar/241-sajt-a-bota-an-mater-2024.html#sigFreeIdf6947a80e2












