«Сәйгүлік» кіші жас тобы тәрбиеленушілерінің ашық іс - әрекет, ойын - сауықтарынан хабарламалар. Тәрбиешілер Б.У.Кадирова және А.Р.Танатарова. Мерекеге толы Наурыз айында ұйымдасқан челлендж, ойын - сауықтар фото және бейне роликтері. "Жауқазын" бөбекжай - бақшасында "Сәйгүлік" кіші тобында "Аяулы анашым" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер,өлеңдер арқылы аналарды мерекемен құттықтау,балаларды мейірімділікке тәрбиелеу,ұстазға,ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру,ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. "Жауқазын" бөбекжай - бақшасы "Сәйгүлік" кіші тобында тәрбиеші А.Танатарованың ұйымдастыруымен "Төрлет Наурыз!" атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Балаларға ұлтымыздың Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт дәстүрлерін көрсету.Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет - ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап,ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың салт - дәстүрі "Қырқынан шығару " рәсімі өткізілді.