Жаңалықтар
"Балапан" ІІ кіші тобының тәрбиешісі Ғ.Бубитаеваның ұйымдастыруымен "Бейбіт күн жасасын әлемде..." атты Жеңістің 74 жылдығына арналған ертеңгілік өтті. Мақсаты: балаларды адамгершілікке , Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, елін, жерін сүйетін ұлтжанжы азамат етіп тәрбиелеу.
"Таңшолпан" ортаңғы тобының тәрбиешісі Қ. Даришеваның ұйымдастыруымен 7 мамыр ұландар мерекесіне арналған "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті.
"Жауқазын" бөбекжайында 1 мамыр Бірлік күніне арналған ертеңгіліктер болып өтті. "Балапан" ІІ кіші тобының тәрбиешісі Д.Қанатқызының ұйымдастыруымен "Ұлт бірлігі- ұлы байлық" тақырыбында және "Таңшолпан" ортаңғы тобының тәрбиешісі А. Бикешованың ұйымдастыруымен "Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан!" тақырыбында ертеңгіліктер болды. Мақсаты 1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршіннің мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр.
Ойын-сауықта балаларға жол ережелері, жол белгілері туралы слайдтар көрсетіліп түсіндірілді. МАЙ қызметкерлері балаларға жолда, көшеде жүрген кезде абай болып жүру туралы түсініктер берді. Балалар тақпақтар, әндер айтып, ойын ойнап кешті көңілді өткізді.Соңында тәрбиешісі балаларға ата-аналарымен бірге танысуға "Қауіпсіздік ережелерін білу, жарақаттанудан сақтайды!" делінген парақша таратты.
"Балапан" ІІ кіші тобында тәрбиеші Ғ.Бубитаеваның ұйымдастыруымен "Бағдаршам -біздің досымыз!" тақырыбында ойын-сауық өтті. Мақсаты: жолда жүру ережелерін есте сақтау, бағдаршам белгілерінің айырмашылығын жолда және көшедегі қауіпсіздік ережелері, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


















